Ақмола облысы білім басқармасы

Щучинск қаласы «Білім-инновация»

ІТ лицей-интернаты» коммуналдық

мемлекеттік мекемесінің

Iшкі тәртіп ережесі
Осы ішкі тәртіп ережесі Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 43-бабы 3-тармағының 1) тармақшасы негізінде және Ақмола облысы
әкімдігінің 2014 жылғы 26 қарашадағы NoА-11/571 қаулысымен бекітілген білім беру ұйымының типтік үлгілік ішкі тәртіп ережесіне сәйкес әзірленді.
1.1. Ішкі тәртіп ережесі еңбек, оқу және тәрбие процесін жүзеге асыруда қолданылатын, оқушылар мен мекемедегі басқа қызметкерлердің қарым-қатынастарын, іс-әрекетін анықтайтын негізгі нормативтік құжаттардың бірі болып табылады.

1.2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 47-бабы 14-тармағына сәйкес лицей оқушылары осы ішкі тәртіп ережелерін сақтауға міндетті.

1.3. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 47-бабы 18-тармағының негізінде лицей оқушылары міндеттерін бұзғаны үшін тәртіптік шаралар осы ішкі ережелерде көзделгендей қолданылуы мүмкін.

1.4. Лицейдегі тәртіп мұғалімдердің, тәрбиешілердің және оқушылардың өзара азаматтық құқықтарына құрмет көрсетулері негізінде жүзеге асырылады. Оқушыларға психологиялық, моралдық қысым жасау және қол жұмсау сияқты жолдармен күш көсетуге тыйым салынады.

1.5. Лицейдің педагогикалық кеңесі алқалы нысандардың бірі болып табылады. Лицейдің педагогикалық кеңесі оқу-тәрбие жұмыстарын жоспарлайды және іске асырады.

1.6. Ішкі тәртіп ережесі әр оқу жылының басында педагогикалық кеңестің шешімімен бекітіледі. Қажет болған жағдайда өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.