• Сауал:
    Қабылдау кезінде әлеуметтік осал топтарға жататын үміткерлерге 15% квота болғанын емтідім. Осы топқа кімдер жатады?
    Жауап:
    Әлеуметтік осал топтарына төмендегі азаматтар жатады:
    - мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын ауылдық жерден шыққан отбасының балалары;
    - ата-аналарының біреуі бірінші топтағы мүгедектігі бар отбасының балалары;
    - мүгедек баласы бар немесе оны тәрбиелеп отырған отбасылар;
    - жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
    - отбасыларда тұратын жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
    - төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл көмекке мұқтаж отбасылардан шыққан балалар;
    - экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйінен айырылған отбасыларының балалары;
    - мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті атқарған кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуға дайындалу немесе жүзеге асыру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасыларының балалары.